logo
23 января 2026
ҚӘЧ-U18. Қазақстандық жасөспірім қыздар қатарынан үшінші матчты жеңді
18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы турнир иелері – Түркия құрамасына қарсы ойнады. Ойынның шамамен ортасына дейін есеп ашылмады, алайда екінші кезеңде 4 минуттың ішінде қарсыластар қақпасына үш шайба соғылды. 34-минутта біздің қақпаға буллит белгіленіп, алаң иелері оны сәтті орындады. Үшінші кезеңде қазақстандық қыздар тағы екі шайба соғып, матчты 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Қазақстан – Түркия – 5:1 (0:0, 3:1, 2:0) 1:0 – 28:59 – Муравьева (Зубкова) 2:0 – 31:04 – Муравьева (Лившиц) 3:0 – 33:08 – Куклина (Муравьева, Емцева) ГБ 3:1 – 33:32 – Гёксал Б 4:1 – 41:18 – Зубкова 5:1 – 52:14 – Лившиц (Муравьева, Емцева) Қақпашылар: Яковлева – Окют Келесі матчты біздің қыздар 23 қаңтар күні Нидерланд командасына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 18:30-да басталады. Матч тікелей эфирде InHockey.tv платформасында көрсетіледі. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ