20 января 2026
ҚӘЧ-U18. Қазақстан командасы Латвияны ойсырата жеңді

18 жасқа дейінгі әйелдер әлем чемпионатындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы Латвия командасымен кездесті. Есепті қарсылас ашқанымен, көп ұзамай біздің хоккейші қыздар есепті теңестіріп қана қоймай, жауапсыз тағы 8 шайба соқты. София Муравьева хет-трик жасаса, София Зубкова мен Рената Лившиц дубль авторы атанды, ал Василиса Шуклина мен Анфиса Новикова бір-бір голдан соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Қазақстан – Латвия 9:1 (2:1, 2:0, 5:0)
0:1 – 12:19 – Зелюбовска (Нейберга, Дуце) ГБ
1:1 – 15:52 – Муравьева (Зубкова) ГМ
2:1 – 18:00 – Шуклина (Новикова)
3:1 – 34:14 – Муравьева (Зубкова, Лившиц) ГБ
4:1 – 37:18 – Зубкова
5:1 – 44:14 – Лившиц (Муравьева) ГБ
6:1 – 45:52 – Зубкова (Муравьева, Куклина) ГБ
7:1 – 47:14 – Лившиц (Муравьева, Нигматуллина)
8:1 – 56:24 – Новикова (Муравьева, Зубкова)
9:1 – 59:15 – Муравьева (Зубкова)
Қақпашылар: Яковлева – Казе (Путриниеце, 40:00-60:00)
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ