ҚӘЧ-2026. Қазақстан қыздар командасы қатарынан екінші рет жеңіске жетті

IB дивизионындағы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Кореяға қарсы өткен матчта Қазақстан құрамасы кездесудің алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты. Екінші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіргенімен, көп ұзамай Александра Шегай дубль авторы атанып, біздің құраманы қайтадан алға шығарды. Үшінші кезеңде Корея құрамасы әуелі есеп айырмасын қысқартып, кейін таразы басын теңестірді. Алайда матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Пернеш Әшімова жеңіс шайбасын соғып, Қазақстан құрамасына 4:3 есебімен жеңіс сыйлады.
Қазақстан - Корея 4:3 (1:0, 2:1, 1:2)
1:0 - 01:34 - Муравьева (Зубкова)
1:1 - 20:23 - Найон Ким (Чан-А Пак, Ен-Ч Ли)
2:1 - 29:04 - Шегай ГМ
3:1 - 39:21 - Шегай ГБ (Филимонова, Тұрсынова) ГБ
3:2 - 43:17 - Джи-Юн Пак (Ю. Хан)
3:3 - 53:49 - Чан-А Пак (Се-Лин Ким, Йон-Джи Ли)
4:3 - 59:51 - Әшімова (Дюндина, Пяткова)
Қақпашылар: Щеколова - Ан
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ