ҚӘЧ-2026. Қазақстан қыздар командасының алғашқы жеңісі

IB дивизионындағы қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасы турнир иесі – Испаниямен кездесті. Кездесу тартысты өтті. Біздің құрама екі рет есепте алға шыққанымен, қарсылас әр жолы жауап қайтара білді. Алайда үшінші кезеңнің басында қазақстандық хоккейші қыздар тағы да алға шығып, матч соңына дейін басымдықтарын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 3:2. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Испания - Қазақстан 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)
0:1 - 16:52 - Филимонова (Буторина, Шегай) ГБ
1:1 - 17:37 - Гименез (Кастелланос)
1:2 - 31:39 - Оразбаева (Шегай, Филимонова)
2:2 - 41:31 - Серна Эскурдиа (Бош) ГБ
2:3 - 45:18 - Филимонова (Тұрсынова)
Қақпашылар:Гонзалез - Щеколова
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ