IB дивизиондағы қыздар әлем чемпионатының төртінші матчын Қазақстан құрамасы Латвияға қарсы өткізді. Қарсыластар есеп ашып, үстемдігін 2:0 есебімен еселеді. Екінші кезеңде біздің қыздар – Мадина Тұрсынова мен Мунира Саяхатқызы есеп теңестіре алды. Әрі қарай тіпті 3:2 есебімен алға шықты – София Зубкова шайба салды. Алайда араға үш минут салып, латвиялық қыздар есеп теңестірді, ал үшінші кезеңде тағы төрт жауапсыз шайба салды. Осылайша, Латвия командасы жеңіске жетті.
Латвия – Қазақстан – 7:3 (2:0, 1:3, 4:0)
1:0 – 01:58 – Штраузе (Зелубовска)
2:0 – 17:38 – Мильоне
2:1 – 25:41 – Саяхаткызы (Буторина, Шегай)
2:2 – 28:41 – Турсынова
2:3 – 30:49 – Зубкова
3:3 – 33:07 – Ип-Чак (Мильоне)
4:3 – 43:32 - Ип-Чак ГМ
5:3 – 46:10 – Лагздина (Кублина, Силайане) ГБ
6:3 – 51:18 – Силайане
7:3 – 53:59 – Мильоне (Ип-Чак) ГБ
Қақпашылар: Апсите – Щеколова
Әлем чемпионатының қорытынды матчын Александр Тебеньковтың ойыншылары күні 15 сәуір күні Словенияға қарсы өткізеді, кездесу Астана уақытымен 17:00-де басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ