logo
27 марта 2024
ҚӘЧ -2024. Қазақстан қыздар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы

7 және 13 сәуір аралығында Андоррада ІІА дивизиондағы қыздар командалары арасындағы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Бірінші дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Бельгия, Испания, Исландия және Мексика командаларымен тартысқа түседі. 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында Андорраның Канильо қаласында 2000 метр биіктікте жарыс өтетін жерде дайындық жиыны өтеді деп жоспарланған. Алдағы турнирге келесі құрам ұсынылды, түбегейлі өтінімге 22 ойыншы, 20 алаң ойыншысы мен екі қақпашы енді:

Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Перенеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу») Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), Мунира Саяхатқызы, Дильназ Саяхатқызы, Карина Фельзинк (барлығы – «Торпедо»)

Қорғаушылар: Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы – «Айсұлу») Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (екеуі де – «Торпедо»)

Бас бапкер - Александр Тебеньков
Бапкер - Жасұлан Оразбаев
Қақпашылар бапкері - Александр Кудрявцев
Бас менеджер - Виктория Сазонова

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ