IIA дивизионында хоккейден әлем чемпионатының үшінші матчын Қазақстан қыздар құрамасы Исландия командасына қарсы өткізеді. Екі жеңістен кейін біздің қыздар 6 ұпаймен Испаниямен тең дәрежеде турнир кестесінде екінші орын алады. Бүгінгі қарсылас екі ойыннан кейін бір рет жеңіске жетіп, 4-ші орында. Жаттықтырушылар штабы құрамды өзгеріссіз қалдырды:
Қақпашы: Щеколова (Говтва)
Молдабай (А) – Тұрсынова, Саяхатқызы М. – Оразбаева – Шегай
Пяткова – Олжабаева (А), Ашимова – Алдабергенова – Свиридова
Дубровская – Буторина, Филимонова – Саяхатқызы Д., Куценко
Мескини – Воронова, Королева – Иванченко – Фельзинк
Бас бапкер: Александр Тебеньков
Кездесу Астана уақытымен 16:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі сілтеме бойынша қолжетімді – ТРАНСЛЯЦИЯ
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ