logo
22 апреля 2023
ҚӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы Польшадан жеңіліп қалды

Хоккейден (1В) әлем чемпионатының төртінші матчында Қазақстан қыздар құрамасы Польша командасымен кездесті. Есепті біздің хоккейшілер ашты: бірінші кезеңде Дария Молдабай гол соқты. Содан кейін қарсыластар есеп теңестіріп, үшінші кезеңде алға шықты. Александра Головина көп ұзамай есепті 2-2 етті, бірақ ойынның соңғы минутында поляк хоккейшілері үшінші шайбасын соғып, осы матчта жеңіске жетті.

Қазақстан – Польша 2:3 (1:1, 0:0, 1:2)

1:0 - 06:30 - Молдабай (Филимонова, Оразбаева) ГБ

1:1 - 12:40 – Храпек (Позниевска, Чарнецка) ГБ

1:2 – 40:32 – Храпек (Онищенко, Позниевска) ГБ

2:2 – 54:41 – Голотвина (Козгулова)

2:3 – 59:22 – Позниевска (Дзивок)

Қақпашылар: Щеколова - Сасс

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ