Өскеменде әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Екінші ойын күнінде Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездеседі. Кеше Қытай хоккейшілері Кореямен өткен ойында буллит сериясында камбэк жасап, жеңіске жетті, ал біздің қыздар бір күн бұрын жапондарға 0:6 есебімен есе жіберді. Күндізгі матчта Жапония құрамасы да Кореяны 7:0 есебімен «құрғақ» жеңді.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Қытаймен ойынға келесі құрамды ұсынды:
Қақпашы: Щеколова (Говтва)
Молдабай (А) – Тұрсынова, Зубкова – Оразбаева (К) – Шегай
Пяткова – Олжабаева, Әшімова – Алдабергенова (А) –Филимонова
Воронова – Буторина, Саяхатқызы М. – Саяхатқызы Д. – Муравьева
Мескини – Яковлева, Свиридова – Куценко – Нусупова
Бас бапкер: Александр Тебеньков
Кездесу 17:30-да басталады, тікелей көрсетілім Qazsport телеарнасының эфирінде, сонымен қатар онлайн InHockey.tv-де жүреді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ