logo
1 октября 2022
«Мықтылар» тобының 2009 ж.т. жасөспірімдері арасындағы ҚРЧ І туры аяқталды
23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Өскеменде «Мықтылар» тобының 2009 ж.т. жасөспірімдері арасындағы (U-13)  Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтті. Турдың қорытындысы бойынша бірінші орынды 8 кездесуде 8 рет жеңіске жеткен қарағандылық «Юность» иеленді. 20 ұпаймен екінші қатарға алаң иелері – «Торпедо» жайғасты, елордалық «Барыс» хоккейшілері бір балл кем жинап, үшінші орынға табан тіреді. Барлығы 9 команда қатысты, екі құрам Қарағандыдан.
Турдың үздік қақпашысы – Иван Изотов («Юность», Қарағанды). Үздік қорғаушы – Артем Гасников («Торпедо», Өскемен). Үздік шабуылшы – Илья Громов («Барыс», Астана).
Толық кестемен сайтымыздың «Балалар хоккейі» бөлімінен таныса аласыздар.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ