logo
18 сентября 2022
«Мықтылар» тобының 2008 ж.т. командалар арасындағы (U-14) ҚР чемпионатының І туры аяқталды
13 және 17 қыркүйек аралығында «Барыс» СК-да «Мықтылар» тобының 2008 жылы туылған балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтті. Бес матчтың бесеуінде жеңіске жеткен елордалық «Барыс» турнир кестесінде бірінші орын алды, жалпы саны 70 шайба салды.
Ізінше бір рет жеңіліске ұшыраған алаң иелері – «Астана» келе жатыр. Қарағандылық «Юность» үшінші орында. Әрі қарай «Номад», «Торпедо» және «Ertis» тиісті орындарды иеленді.
Турнир кестесі сілтеме бойынша – U-14 кестесі
«Мықтылар» тобында келесі болып бірінші турда U-13 командалары таласады. Жарыстар Өскеменде 23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Кестені сайттың Күнтізбе қойындысынан көріңіздер. 

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ