logo
24 марта 2022
U-8 және U-9 балалар командалары арасындағы турнирлер аяқталды

18 және 21 наурыз аралығында Көкшетауда U-9 балалар командалары арасындағы шайбалы хоккейден республикалық турнирдің екінші туры өтті. Қатысушылар қатарында: «Номад», «Астана-1», «Юность-1», «Торпедо», «Арлан», «Юность-2», «Астана-2».

Сонымен қатар Қарағандыда 20 және 23 наурыз аралығында U-8 балалар командалары арасында республикалық турнир өтті (С тобы). Жарыстарға 9 команда қатысты: «Юность-1», «Барыс-2», «Юность-2», «Динамо», «Торнадо», «Скиф», «Астана-2», «Барыс-3» және «Юность-Металлург».

10 жасқа дейінгі балалар арасындағы жарыстар ұпайсыз және жүлделі орындарсыз кросс-айс форматында өтеді.

Назарларыңызға өткен турнирдің суреттерін ұсынамыз:

Толық фотоесепті сілтеме арқылы көре аласыздар.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ