logo
13 апреля 2022
«Федерация кубогінің» А тобындағы 2007 және 2008 ж.т. балалар арасындағы жарыстар аяқталды

2 және 6 сәуір аралығында «Федерация кубогінің» 2008 жылы туылған ойыншылар («А» тобы) арасындағы финалдық төртінші туры өтті. Қорытынды турда «Ертіс», «Номад» пен «Торнадо» теңдей ұпай жинап, алдыңғы турларда жиған ұпайының арқасында «Номад» кесте көшін бастады және турнирдің жеңімпазы атанды. Кубоктің күміс жүлдесін «Ертіс» иеленді, ал қола «Торнадо» хоккейшілеріне бұйырды.


«А» тобындағы 2007 жылы туылған ойыншылар арасындағы «Федерация кубогінің» жеңімпазы «ПСО» командасы болды. Екібастұздық ұжымның финалдық төртінші турды екінші орынмен аяқтағанына қарамастан, алдыңғы турлардағы тұрақты ойыны жеткілікті ұпай санын жинап, турнирде жеңуге мүмкіндік берді. Екінші орынды көшбасшыдан 2 ұпай кем жинаған «Юность-Металлург» командасы иеленді. Жүлдегерлер үштігін 36 ұпай жинаған «Горняк» тұйықтады. Сонымен қатар турнирді 36 ұпаймен аяқтаған, алайда жекпе-жекте «Горняктан» жеңіліп, 4-орын алған «Ертісті» атап өту керек.


Сондай-ақ өз амплуасындағы үздік ойыншылар анықталды:

«Үздік шабуылшы» - Лев Крицин («Горняк»)
«Үздік қақпашы» - Тихон Пушков Тихон («ПСО»)
«Үздік қорғаушы» - Самир Самаров («Астана»)


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ