logo
16 января 2023
U-14 және U-15 жиындары аяқталды

Астанада U-14 және U-15 жас санаттарындағы алғашқы байқау оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Қатысушылар жиынның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Ұйымдастырумен «Planet Project» және «NGP Sport» компаниялары айналысты.

Жиындардың екінші кезеңі 2023 жылдың наурыз-сәуірінде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Олардың қорытындысы бойынша U-14 және U-15 жас санатындағы құрама командалар жасақталады. ҚХФ хоккей мектептерінің басшыларына, бапкерлерге, спортшылар мен олардың ата-аналарына, сонымен қатар жиынды ұйымдастырушыларға білдірілген сенім мен аталмыш жобаны табысты іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ