2024 жылғы 20 қыркүйекте «Барыс Аренада» JAS NOMAD республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларды даярлау офлайн-курсы аяқталды. Практикалық бөлімнің алдында онлайн сессия өтті. Бұл жолы 2014-2015 ж.т. балалармен (9-11 жаста) бастапқы даярлау деңгейінде жұмыс жасайтын бапкерлер оқытудан өтті. Оқытудың теориялық бөлігіне Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 53 БЖСМ маманы қатысты. Практикалық бөлімге еліміздің барлық хоккей өңірлерін қамтитын 40-қа жуық қазақстандық бапкер қатысты.
Оқыту бағдарламасында дайындықтың түрлі бағыттары бойынша практикалық жаттығулармен қатар, теориялық сабақтар да бар: сырғанау техникасы, хоккей таяғын меңгеру техникасы, жалпы дене дайындығы, арнайы физикалық дайындық, жекпе-жектер. Жекпе-жектерге оқыту бағдарламасы қауіпсіздікті, жекпе-жектер техникасын, борт маңындағы қақтығыстарды, ептеуді, күштік тартысты қамтиды. Сонымен қатар барлық жаттықтырушылар алғашқы медициналық көмек көрсету курстарынан өтеді.
«Жаттықтырушылардың оқу-жаттығу кезеңіне көшу кезінде бастапқы дайындық кезеңі аяқталғандп хоккейшінің қандай болуы керектігін түсінуі маңызды – яғни хоккейші техникалы, сырғанай білуі, хоккей таяғын жақсы игеруі, лақтыра білуі керек. 5-тен 11 жасқа дейін пысықталған барлық дағдылар мінсіз болуы тиіс. Біз республиканың барлық дерлік өңірлерін қамтуға тырыстық. «Самұрық-Қазына» холдингіне, сонымен қатар «Sport Qory» спортты қолдау қорына бағдарламаның әзірленуі мен қазақстандық бапкерлер үшін курстардың ұйымдастырылуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтқымыз келеді», - деп қорытындылады ҚХФ балалар-жасөспірімдер жарыстарын өткізу бөлімінің басшысы Сергей Козлов.
Сонымен қатар курстар аясында сырғанау бойынша практикалық жаттығулар барысында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Михаил Рахманов «Барыс» БЖСМ тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Форвард бағдарлама туралы өз пікірімен бөлісті: «Бала кезде техниканы дамыту, жаттығулар орындап, төселу маңызды. Сырғанау, хоккей таяғын игеру және басқа да дағдылар төселуі керек, ал есейгенде барлығы автоматты түрде орындалып, ересектер хоккейінде қиналмайды», - деді Михаил Рахманов.
Бапкерлерді аттестацияға даярлау курстары 20 қыркүйекте аяқталды. Барлық қатысушылар біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы куәлік алды, ал аттестаттаудан өткен бапкерлер аттестаттау туралы куәлік алды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ