logo
Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ плей-оффының матчында жарақат алды
Гагарин Кубогінің плей-офф конференциясының жетінші матчы барысында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Алексей Маклюков жарақат алды. Кездесудің үшінші кезеңінде қорғаушы Арсений Грицюктің шайбасын жанқиярлықпен жауып, шайба басына тиді. Хоккейшіні мұзайдыннан зембілмен алып кетті. Ойыншының қазіргі жағдайы туралы «Металлургтың» бас бапкері Илья Воробьев пікір білдірді:
«Расында құлақ шекесіне тиді, қазір ол ауруханада жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қанды тоқтатып жатыр, КТ, МРТ, барлығын жасайды. Лешаға денсаулық тілеймін, жанқиярлығы үшін алғыс айтамын», - деді магнитогорлық команда тәлімгері.
Алексейге тезірек айығып, Қазақстан құрамасына қосылуын тілейміз!
Қазіргі чемпион – омбылық «Авангардпен» шешуші кездесуде магниторлық «Металлург» жеңіске жетіп, Шығыс конференциясының финалына шықты. Алексей Маклюковтан басқа, магниторлықтар құрамында біздің ұлттық құраманың шабуылшысы Павел Акользин өнер көрсетеді. Қазақстандықтар Дмитрий Шевченко мен қорғаушы Виктор Сведберг омбылық «Авангард» құрамында.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ