logo
Юрий Михайлис: «Эмоцияларымызды жеңе білдік»
Хоккейден Қазақстан құрамасы қорытынды матчта Италияны жеңіп, әлем чемпионатының топ-дивизионындағы орнын сақтап қалды. Ойыннан кейін ұлттық командамыздың бас бапкері Юрий Михайлис өткен ойынға қатысты журналистерге берген сұхбатында пікір білдірді.
- Жақсы ойын, бастысы жігіттер эмоцияларын жеңе білді, жақсылап демалып, ойнауға дайын боп келді. Біз бүгін ойынды толықтай бақылауда ұстадық, командаластар арасындағы өзара іс-қимыл жақсы болды, жақсы, әдемі голдар салынды. Қорғаныста сенімді ойнады, иә, қателер болды, алайда команда бір-бірін қолдап, демеп отырды. 
- Жанкүйерлердің көпшілігі өткен жылғы нәтижемен салыстырып жатыр ма?
- Алайда мен түсіндіргенімдей, бұл екі түрлі әлем чемпионаты және барлық командалардың дайындығы да екі түрлі болды. Бізге жолдастық матчтар жетіспеді де, турнир барысында екпін алдық. Біздің топта өте мықты командалар болды, ҰХЛ-дағы ойыншылармен нығайды. Біз олармен теңдей ойнадық, тек концентрация жетіспеді де, гол өткіздік, тәртіп бұзылды.
- Артық құрам бес минутқа созылды, алайда бір ғана шайба салынды. Италиялықтардың қорғанысы мықты болғаны ма?
- Олай дей алмаймын. Шықтық та, істі голға жеткізгіміз келді. Командаласты соққылайтын позицияға шығарып, жақсы пас беру үшін жігіттерден асықпауын, жақсы қозғалыста болуын сұрадық. Италия ойыншылары да қорғанды, кей жерлерде берілген пастарды тоқтатты. Кемінде бір гол салынды.
- Құрамадағы жұмысты жалғастырасыз ба?
- Білмеймін, қазір демаламыз, кейін келісімшарттар жасайыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ