logo
25 мая 2021
​Юрий Михайлис: «Қарсылас бізге жақсы сабақ берді»

Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жеңілісіне ұшырады: АҚШ командасынан жеңілді. Баспасөз конференциясында ұлттық командамыздың бас бапкері өткен матчты барлық ойыншылар үшін жақсы тәжірибе деп атады, сонымен қатар Германиямен алдағы матчқа дайындығымен бөлісті.

- Өз командаңыздың бүгінгі ойынына қандай баға бересіз?

- Біз үшін мұндай командаға қарсы ойнау – үлкен тәжірибе. Әрине, кей сәттерде біз үлгермей жаттық, бүгін шоғырланып ойнай алмадық. Қарсыласқа өз аймағында көп қозғалуға мүмкіндік бердік. Алайда біздің командада бірнеше гол салатын оңтайлы сәттер болды. Жүзеге аспады, бірақ кемінде бір гол салатындай ойын көрсеттік.

- Бүгін топтардың үйлесімін өзгерттіңіз, неліктен мұндай шешім қабылдадыңыз?

- Біз Роман Старченконы орталық шабуылшы позициясынан босаттық, бұл ол үшін қиынға соғуда. Екі ойынды ол жақсы өткізді, сәл шаршады, қапталдан ойнауды тапсырдық және оның өз позициясынан жақсы ойнайтынын білесіз, ұтымды сәттері болды. Қозғалыс ширақ, қарсыласты шатастырып отырды.

- Америкалықтар хоккейді жылдам ойнайтынымен, шайбаны жақсы бақылайтынымен ерекшеленеді, бүгін дәл осы компоненттерде есе жібердіңіздер ме?

- Біз үшін бұл үлкен тәжірибе, жігіттер қалай ойнау керектігін қарайды және үйренеді, көпшілігі үшін бұл мұндай деңгейдегі алғашқы чемпионат. Және бүгін қарсылас жақсы сабақ берді, қозғалыс жақсы, сапалы пас берулер болды. Қарсыластың қозғалысы мен пас берулеріне тұсау салу үшін біз тағы да тығыз ойнай алмадық. Қателігімізді түзейміз.

- Ертең Германиямен ойын өтпекші, мобильді команда, ойыншылары еңселі. Нені өзгерту қажет?

- Жиналыс өткіземіз, бейнеталдау болады, команданы дайындаймыз.

- Жанкүйер үлкен үміт күтеді, бұл командаға психологиялық тұрғыдан қысым жасамай ма?

- Жоқ, жігіттердің құлшынысы күшті, олар әлем чемпионатына келіп отыр, жоғары деңгей, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем көз тігіп отыр. Олар емін-еркін, ойын сайын үдете береміз.

- Бояркинге қаншалықты көңіліңіз толады? Әлем чемпионатында тағы да басқа қақпашы мүмкіндік ала ма?

- Әзірге Никитаға көңіліміз толады, сенімді ойнап жатыр. Оған біздің қорғаушылар мен шабуылшылар көмектессе енді. Ортадағы өз аймағымызда шайба жоғалтуда жұмысы азаяр еді. Алайда төтеп беріп жүр, жарайсың дегім келеді. Басқа қақпашылар туралы ойланып көреміз.

- Көпшілік құрам болмады, мүмкін ойынды өзгерту керек шығар?

- Жоқ, ойынды өзгертудің қажеті жоқ, қарсылас тырп еткізбеді. Кертис пен Никитаның ұшып келе жатқандағы шабуылы жақсы болды. Панюков шабуылдады, тағы бір ойнату – шайба ұшып кетіп, соғылды, жақсы сәт болды. Ештеңені өзгертпейміз.

- Сведбергтің ойыны қаншалықты жетіспеді?

- Бұл үлкен шығын, Сведбергтің тәжірибесі қорғаныста сенімділік береді. Валерий Орехов орнын басты, жағдайға төтеп берді.

- Ертең Германиямен ойнайсыздар, неміс көлігін тоқтату үшін не істеу керек?

- Демалып, қалыпқа келіп, күш жинап, ертең сергек күйде шығып, тартысу қажет.

Фото: Ольга Бугаева

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ