logo
23 мая 2021
​Юрий Михайлис: «Жігіттер мінез көрсетті, ерледі»

Латвиямен өткен ойын топ-дивизиондағы әлем чемпионатында көптеген ойыншылар үшін ғана емес, бас бапкер Юрий Михайлис үшін де дебют болды. Матчтан кейін командамыздың тәлімгері өткен ойынға қатысты пікір білдіріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Жақсы ойын болды. Біз оған дайындалдық және дайын боп кірдік. Жігіттер мінез көрсетті, ерледі. Бірінші минуттан-ақ белсенді ойнап, қарсыласты састыруға тырысты. Меніңше, бұл біздің қолымыздан келді, себебі кейбір сәттерде қарсыласқа ойын аймағынан кету ауыр болды. Бірінші кезеңді алсақ, біз қарсыластан соққы саны бойынша асып түстік. Жігіттерге ризамын, бүгін тамаша ойнады. Ойыншыларымыз – Отан үшін, Қазақстан үшін намысты бермеген нағыз азаматтар.

- Әрдайым көпшілік құрамды ұйымдастыру мүмкін бола бермейді. Бұған қалай да мән бересіздер ме?
- Көпшілік құрамның бригадасында шығатын ойыншылар барлығын біледі. Бәлкім бізде ойын тәжірибесі аз болды ма, Беларусьпен бір ойын өтпей қалды, қандай да бір дайындық ойындар болмады. Жалпы алғанда, ойыншылардың тәжірибесі мол, не істеу керектігін, комбинацияларды жақсы біледі.
- Финляндиямен матчта кім қақпашы болатынын анықтадыңыздар ма?
- Жоқ, Никита Бояркиннің жағдайына қараймыз да, соған қарап шешеміз.
- Латвиямен ойыннан не күттіңіз? Команда бірінші кезеңде көп күш салды, ойлағаныңыз жүзеге асты ма?
- Латвия Канадаға қарсы ойында көп күш жоғалтты. Бізде физикалық тұрғыдан артықшылық болды. Бұл әлем чемпионаты болғандықтан кез келген команда үлкен дайындықпен келеді. Біз Латвияның ойынын талдадық, олар Канадаға қарсы мықты ойнады. Меніңше, бүгін біз мықтырақ болдық. Әрбір ойын сайын үдей түссек деп тілеймін.
- Қазақстан құрамасының ойынында көңіліңізден шықпаған сәттер бар ма?
- Жоқ, барлық жігіттер мықты ойнады. Белгілі бір сәттер болды. Соларды талдап, келесіде жол бермеуге тырысамыз.
- Қорғаушы Кирилл Полоховтың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті деген ақпарат болды. Оның ахуалы туралы айтып берсеңіз.
- Бәрі жақсы, ол өз бөлмесінде. Команда үшін тақымын қысып отыр – бұл ол үшін қазір кез келген аурудан да ауыр. Бәлкім, команданың үмітін ақтамадым деп ойлайтын шығар, бірақ бұл олай емес. Команда ол үшін алаңдайды, хабарласып отыр, тезірек сауығып кетуін тілейді.

Фото: Ольга Бугаева

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ
Банер всплывашка