logo
Юрий Михайлис: «Барлық жағынан жеңілдік»

Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының алғашқы матчы Данияның жеңісімен аяқталды. Командамыздың бас бапкері өткен кездесуге қатысты пікір білдірді:

- Барлық жағынан жеңілдік, бүгін біз баяу болдық, қарсыласқа қарсы реакциямыз жылдам болмады, жалын болмады, кей жігіттер әрине сәт-сәтімен шабуылда да жақсы әрекет етті. Алайда қарсыластың қақпасына шайба дарымады. Олар жылдам реакция білдіріп, жұмыла қимылдады. Қарсылас команда бүгін жылдамырақ болды, кей сәттерде оларға ілесе алмадық.

- Диц дайын емес пе?

- Ол жеке жоспар бойынша дайындалуда. Келесі матчтарда оны көретін боламыз. Алғашқы матчқа оны қоймадық.

- Әлем чемпионатындағы шайбалардың есебін аштыңыздар ғой?

- Бұл салғанымыз керек гол болды. Гол салып, бұл қуанышты сезініп, сала алатынымызға деген сенімділігімізді арттыруымыз керек. Бүгін жетер жеріне жетпей қалған сәттер өте көп болды. Екі рет қақпашымен бетпе-бет пен артық құрам ұйымдастырылды, осы тұсты қолға алып, жігіттерге ақыл-кеңесімізді айтамыз.

- Қақпамыз алаңдата ма?

- Әрине, алаңдатады. Алайда жігіттер, біздің қорғаушылар, шабуылшылар қақпашыларға көмектесулері тиіс. Шайбаларды шалып қалуы керек.

- Матчтың алғашқы 10 минуты маңызды бөлігі ғой?

- Иә, жігіттерден мұқият, екпінді бастауды сұрадық. Алайда өз аймағымызда концентрацияның жоғалуы, өз аймағымызда ойыншылардан айрылуымыз салдарынан голдар өткіздік.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ