logo
1 июня 2021
​Юрий Михайлис: «Жігіттер тырысты, соңына дейін тартысты»

Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Қазақстан құрамасының бас бапкері Норвегиямен матчты қорытындылады. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі өзінің соңғы матчында 1:3 есебімен Норвегиядан жеңілді.

- Бізге сәттілік жетіспеді-ау. Ұтымды сәттер болды, тек жүзеге аспады. Жігіттер тырысты, соңына дейін тартысты. Қазір құлазу бар. Ауыр ойын болды. Есеп бойынша алда келе жаттық, кей жерлерде қарсыласқа төтеп беріп, шайбаға иелік етуге мүмкіндік бермей, тығыздау ойнау керек еді.

- Көпшілік құрам жасай алмауларыңыздың себебі не?

- Қарсылас бүгін белсенді, тығыз, жақсы ойнады. Тағы да Норвегия құрамасының ойыншылары біздің соққыларымызды өткізбеді, бұл олардың ерлігі, жанкештілігі. Кейбір сәттерде дәлдік жетіспеген шығар. Айла жетіспеді.

- Италиямен матчта көрсеткен басқыншылық қайда кетті? Бәлкім, барлығы сол ойында қалып қойды ма екен?

- Бірінші кезеңде біз белсенді ойнадық, екіншіде қарсылас күшейді, біз ойынның ағымымен ойнадық, қарсылас мұны сезді де біз шабуылдарды тежедік. Ал үшінші кезеңде біз қыспаққа алдық, алайда Норвегия ойыншылары сауатты ойын көрсетті. Кейде олардың аймақтарында шайбаға таласып қалып жаттық, ал былай мықты ойнады.

- Қазақстандық команда шабуылшыларының ойынынан қысылу байқалды. Дегенмен бұл ойынның нәтижесіне көп нәрсе байланысты болды.

- Қайдағы қысылу? Женя Рымаревте жақсы сәт болды, Никитаға қарсылас мүмкіндік бермеді. Кез келген басқа жағдайда олар сол голдарды салар еді.

- Команданың топтық кезеңіндегі өнеріне қандай баға бересіз?

- Жігіттер жақсы ойнады. Жарайсыңдар дегім келеді, олар әрбір ойынға барын салды. Олар тартысты, шайқасты, олардың ойыны үшін ұялмаймын.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ