logo
Юрий Михайлис: «Ойында тұтастық болмады»
Словакиямен матчта Қазақстан құрамасы екі рет алға шықты, алайда бесминуттық айып ойынның тағдырын шешті. Словактар артық құраммен гол салды, оның үстіне, тағайындалған буллитті іске асырды. Ойыннан кейін өткен матчқа қатысты бас бапкер Юрий Михайлис пікір білдірді:
- Жақсы, тартысты ойын болды, алайда біздің тарапымыздан ойында тұтастық болмады, біз әр кезеңде әртүрлі ойнаймыз, бірінші кезеңде жақсы ойнасақ, екінші кезеңде сүрінеміз де, үшінші кезеңде жақсы ойнаймыз. Біз тұрақтылық пен жеңіске деген сенімге жеткенде ғана жеңеміз.
- Бес матчтың бесеуінде де бірінші кезеңде сүрінді, себебі неде?
- Кездейсоқтық емес шығар, ауысымның ұзақтығы, аластатудың көптігі. Бүгін 5 минут айып алып, үш гол өткізіп алдық. Жинақы, мығым ойнап, тұтас команда үшін жанқиярлық таныту керек шығар. Аластатудың аты аластату, команда кем құраммен де жақсы ойнауы, жағдайды түзетуге тырысуы керек. Салымыз суға кеткен жоқ, үшінші кезеңде мықты құраммен шығып, жағдайды түзеуге дайын болды.
- Даррен Диц әйтеуір шықты-ау, әрі қарай да ойнауға дайын ба?

- Әйтеуір деген не сөз? Ол жеке жоспар бойынша дайындалды, командамен бірге оны әлем чемпионатына дайындадық. Ол бүгін шығып, жақсы, сенімді ойын көрсетті. Қорғаушы үшін бастысы – сенімді ойнау.
- Бәлкім алдыңғы матчтарға ол жетіспеген шығар?
- Әрине, жетіспеді, мұндай деңгейдегі ойыншы жетіспейді. Кем құрамдағы ойын, әсіресе, артық құрамдағы ойын мұны көрсетті – жігіттер бірден жігерленіп, соққылап, пас бере бастайды, бұл біз үшін жақсы қасиет.
- Германия бойынша қарсыласты талқылап үлгердіңіз бе?
- Талқылап үлгермедік, ойындарды қарадық, жақсы, ширақ команда, біз дайынбыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ