logo
23 мая 2021
​Юрий Михайлис: «Команда барын да, жанын да салды»

Әлем чемпионатындағы сенсациялар күні. Олардың бірін Қазақстан құрамасы жасады. Қарсыластың әсіресе бірінші кезеңде басымдылық танытқанына қарамастан, біздің хоккейшілер қазіргі әлем чемпионын жеңе алды. Юрий Михайлис Финляндиямен өткен кездесуге қатысты матчтан кейінгі баспасөз конференциясында пікір білдірді.

- Біз жеңіске матч басталмай тұрып сендік, тек жеңіс үшін ойнаймыз деген қағида болды, ойынға басқа көңіл күймен шығуға болмайды және күткеніміз ақталды. Команда жұмылған жұдырықтай қимылдады. Команда барын да, жанын да салып ойнады, таза ойнады. Әрине, бізден кеткен олқылықтар болды, алайда қарсылас жиі бізді соған итермеледі. Тамаша сырғанадық, көптеген комбинацияларды жүзеге асырдық. Ең бастысы біз жеңіске сендік. Қандай да бір сәттерде немесе тіпті бүкіл ойын бойы Финляндия командасы бізден басым түсіп жатты, алайда біздің салымыз суға кеткен жоқ, соңына дейін, соңғы буллитке дейін сеніммен шайқастық.

- Сіздер кеше Латвияны, бүгін Финляндияны жеңдіңіздер, Қазақстан бабында. Өз ойыншыларыңыздан мұндай нәтиже күттіңіз бе?

- Біз мұны күттік, себебі команда сақадай сай іріктелді. Барлық жігіттер ең бастысы ел үшін шайқасуға дайын. Бұл менің көңілімнен шығады.

- Қазақстан құрамасында бұрын жеңістер болды, алайда бұлай қатарынан жеңу болмайтын. Бұл турнирде тарихты өзгерту мүмкін бе?

- Әрине мүмкін. Даррен Диц біз тек чемпиондықтан үміттіміз, оның үстіне бүкіл Қазақстан біздің командамызды қолдап отыр. Тарихты неге өзгертпеске? Германия құрамасын алсақ, ешкім оларды Олимпиада ойындарында бұлай өнер көрсетеді деп күткен жоқ. Біз бұған дайынбыз, барымызды саламыз, жігіттер намысты қолдан бермейді. Жігіттердің қалай айқасқанын бүгін өздеріңіз көрдіңіздер. Бүкіл командаға алғысымды білдіремін, мықты ойын болды және бұл – таза олардың еңбегі.

- Тарихи жеңіс, алғаш рет финдарды жеңдік. Жігіттер кеше Латвиямен ойнап, шаршамағандай күйде шықты. Бойдағы құлшыныс пен балансты қалай сақтадыңыздар?

- Бірінші кезекте бұл ойнауға және тартысуға шыққан жігіттердің құлшынысы. Финляндия командасының бізден бұрын ойнап, көбірек демалып, ертерек ұйықтағандары белгілі. Ал біз кешегі ойын мен буллиттерден кейін түнгі екі шамасында кеш жаттық. Мінез көрсетіп, шаршаңқылықты көрсетпеу маңызды болды. Әрбір ойыншының ішкі резервтері бар. Ел үшін ойнағанда, кез келген шаршаңқылықты ұмытасың. Әрине біз жылдамдық, қозғалыс жағынан, көптеген компоненттерден қалыс қалдық. Алайда беріспедік және матчты жеңіске жеткіздік.

- Никита Бояркин өзін қалай сезінуде? Жауапкершілік ауырлық етіп жатқан жоқ па?

- Өзін жақсы сезінуде, біздің қақпашылар бойынша Александр Шимин есімді бапкеріміз бар, алайда қазір жайсыз оқиға болып, біздің қасымыздан табыла алмай жатыр. Алайда телефонмен байланыста, қақпашылармен сөйлесіп отыр. Бәрі жақсы, ол қалай айтса, келесі ойында солай ойнайды. Мен оның пікіріне толықтай құлақ асамын, себебі ол өз ісінің маманы әрі оның пікірін өте жоғары бағалаймын.

- Никита Бояркинді «Барысқа» аласыз ба?

- Алдымен әлем чемпионатын аяқтайық, сосын көре жатармыз.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ