logo
Юрий Михайлис: «Бастысы – қалпымызға келу»
Қазақстан құрамасының тәлімгері Юрий Михайлис Германиядан жеңілуге қатысты пікір білдірді. Біздің командамыз 4:5 есебімен жол берді. Италияға қарсы матч барлығын шешпек.

- Бізге тәртіп жетіспейді, себебі команда ұрысқа шыққандай дайын шығады да, әлемнің үздік құрамаларына қарсы жақсы хоккей көрсетеді. Жігіттер әр сәтті қалт жібермей, тырысады, алайда тәртіп бәрін бұзып, қажетсіз аластатуларға тап боламыз. Бұл ойынды бұзады, кем құраммен ойнайтын арнайы бригадаларымызды титықтатады. Біз, әрине, кем құраммен де жақсырақ ойнауымыз керек.
- Саламыз да, ізінше шайба өткіземіз. Неге  бұлай болып жатыр?
- Қарсылас өзінің үздік бестігін шығарады, кей жерлерде біздің тарапымыздан концентрация жоғалады және келесі ауысымға дейін өткізіп алып жатырмыз.
- Үшінші кезеңде Джесси Блэкерді көрмедік, оған қоса Кирилл Савицкийге шайба тиді... Олардың жағдайы қалай?
- Әзірге белгісіз, дәрігерлер олармен айналысуда. Кейінірек нәтижесін білетін боламыз.
- Аркадий Шестаковта тамаша сәт болды...
- Жақсы, жүз пайыз гол салатын сәт туды, алайда салқынқандылық жетіспеген сияқты. Былайша барлығын дұрыс жасады – жарады.
- Ертең шешуші матч қой?
- Иә, ең бастысы қалыпқа келіп, демалып, келесі ойынға дайындалу. Барлығы бізге, қалай ойнайтынымызға байланысты болады. Соңғы 4 ойындағыдай ойнасақ, нәтиже келеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ