logo
10 мая 2022
Юрий Михайлис: «Қолға аламыз»

Қазақстан құрамасы Ригадағы жиындардың екінші кезеңін аяқтады және 10 мамырда Хельсинкиге аттанады. Қазақстан құрамасының бас бапкері ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Латвияға қарсы бақылау матчтарын қорытындылады.

- Юрий Владимирович, жігіттердің көптен ойнамағаны көрініп тұрды, оның үстіне құрам түрлі клубтардан жиналды.

- Әртүрлі клубтан келгені себеп емес, бәрібір біздің әлдебір ойындар жігіттердің есінде, ал жиналып, арада үлкен уақыт өткені – хоккей үшін аса ұзақ үзіліс. Біреулері 3-4 ай ойнамады және бірінші ойын біз үшін төбеден суық су құйып жібергендей болды. Алайда екінші, үшінші кезеңдерді үйтіп-бүйтіп ойнадық, әркім ойын барысында өз позицияларында ойнауға тырысты. Барладық. Бәлкім Латвия командасы жылдамырақ болған шығар, шығар емес, расында жылдамырақ болды. Қарсылас тарапынан қысым болды, біз оларға ілесе алмадық, сондықтан қайта-қайта аластатылдық. Екінші матчта тағы да гол алдық, аз құраммен өткізіп алдық. Мұны қолға аламыз. Екінші, үшінші кезеңде ойынды теңелттік, шабуылдай бастадық, артық құраммен гол салдық – осының өзі қуантады. Және шабуылда әлдебір сәттер болды, алайда уыстан шығарып алдық.

- Қақпашылардың жұмысы бойынша не айтасыз?

- Оларға қиын, мысалы, Румянцев үшін бұл мұндай деңгейдегі алғашқы ойын, бәлкім қобалжыған шығар, алайда одан кейін өз қобалжуын баса білді. Екінші, үшінші кезеңдерді жаман ойнаған жоқ.

- Барлығы өтінімде Дицтің жоқтығын сұрап жатыр ма?

- Диц командада, жеке жоспар бойынша жұмыс жасап жатыр.

- Батырлан Мұратовқа қатысты сұрақ көп.

- Айтпағым, Батырлан – техникасы мықты шабуылшы. Алайда турнир жылдам өтеді, әзірге алғашқы екі звеноға кіріктіру мүмкін болмай тұр, оны басқа жағына қою қиын. Болашақта оны «Барыстың» жиындарына шақырып, келесі жылы құраманың атынан ойнайтын болады.

- Демек, ол алғашқы екі топтың ойыншысы ғой?

- Иә, ол техниканың ойыншысы, ал бізде бұл орындар бос емес. Оны аз құрамдағы ойынға тартудың мәнісі жоқ.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ