logo
25 января 2024
ЖОО-2024. Қазақстан құрамасы «қоланы» жеңіп алды
Канвонда Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының 3х3 хоккей турнирі аясында үшінші орынды анықтайтын матч аяқталып, онда Қазақстан құрамасы Австриямен кездесті. Біздің хоккейшілер бақылауды өз қолына алып, бірінші кезеңде 4:1 есебімен алға шықты. Екінші кезеңнің аяғында командалардың арасын екі гол бөліп, үшінші кезеңдегі тартыста австриялықтарға есеп теңестіру үшін қақпаға бір гол салу жеткілікті болды. Алайда бірінші кезеңде орнаған үстемдік текке кетпей ойын 6:5 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанды!

Австрия - Қазақстан 5:6 (1:4, 2:1, 2:1) 

Фото: Нұрғали Жұмағазы
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ