logo
23 января 2024
Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының 3х3 хоккей турнирінің біліктілік кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы 7 матчтан кейін 12 ұпай жинады: Польша, Тайпей, Испания және Ұлыбритания командаларына қарсы матчтарда 4 рет жеңіске жетіп, Латвиямен, Австрия және Даниямен матчтарда 3 рет жеңілді. Осылайша, төртінші орынды иемденді. Польша құрамасымен теңдей ұпай жинағанына қарамастан, жеке кездесудің нәтижесі бойынша жартылай финалға қазақстандық команда шықты. Ертең 24 қаңтар күні жасөспірімдер турнир кестесінің көшбасшысы – Латвия командасымен ойнайды. Қарсылас барлық ойындарда жеңіске жеткен, жекпе-жекте біздің хоккейшілер 15:11 есебімен жеңілген болатын. Матч Астана уақытымен 9:00-де басталады.

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының 3х3 хоккей турнирінің біліктілік кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы 7 матчтан кейін 12 ұпай жинады: Польша, Тайпей, Испания және Ұлыбритания командаларына қарсы матчтарда 4 рет жеңіске жетіп, Латвиямен, Австрия және Даниямен матчтарда 3 рет жеңілді. Осылайша, төртінші орынды иемденді. Польша құрамасымен теңдей ұпай жинағанына қарамастан, жеке кездесудің нәтижесі бойынша жартылай финалға қазақстандық команда шықты.

Ертең 24 қаңтар күні жасөспірімдер турнир кестесінің көшбасшысы – Латвия командасымен ойнайды. Қарсылас барлық ойындарда жеңіске жеткен, жекпе-жекте біздің хоккейшілер 15:11 есебімен жеңілген болатын. Матч Астана уақытымен 9:00-де басталады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ