logo
22 января 2024
ЖОО-2024. Даниядан жеңіліп, Тайпейді жеңдік

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының 3х3 хоккей турнирінің топтық кезеңінің үшінші ойын күні аясында Қазақстан құрамасы екі матч өткізді. Даниялық қатарластарға қарсы ойын тартысты өтіп, бірінші кезеңнің соңына қарай біздің хоккейшілер 3:1 есебімен алда келе жатты, алайда екінші кезеңде қарсылас есе қайтара білді. Үшінші кезеңге командалар 4:4 есебімен шықты, нәтижесінде даниялықтар үстемдік орнатып, жеңіске жетті.

Қазақстан – Дания 6:8 (3:1, 1:3, 2:4)

Тайпейге қарсы келесі матч біздің хоккейшілердің басым үстемдігімен өтті, бірінші кезеңде-ақ қарсыластың қақпасына 7 гол салынып, қарсылас оның біреуіне ғана есе қайтарды. Екінші кезең голға аса бай болмады, ал үшінші кезеңде қазақстандық жасөспірімдер 6 гол салып қана қоймай, қарсыласқа өз қақпасын алдырды. 14:2 – Қазақстан сенімді түрде жеңіске жетті.

Тайпей – Қазақстан 2:14 (1:7, 1:1, 0:6)

Топтық кезең аясында жасөспірімдер құрамасы өткізетін екі матч: Испания мен Ұлыбританияға қарсы матчтар қалды. Плей-оффқа шығу үшін екі жеңіс жеткіліксіз, түбегейлі нәтиже Польшаның турнир кестесінің көшбасшылары – Дания, Латвия мен Австриямен қалай ойнайтынына да байланысты болмақ.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ