logo
21 января 2024
ЖОО-2024. 3х3 турнирінің екінші ойын күнінің қорытындысы

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының 3х3 турнирінің екінші ойын күні аясында Қазақстан құрамасы екі матч өткізді. Таңғы сессияда біздің жасөспірімдер австриялық хоккейшілермен кездесті. Матч тартысты өтіп, командалар кезек-кезек бір шайба артықшылығымен алға шығып отырды және үшінші кезеңнің басында есеп 8:8 болды. Алайда австриялық ойыншылар салған жалғыз шайба кездесудің тағдырын шешті. Есеп – 8:9. Қазақстан құрамасы жеңілді.

Қазақстан - Австрия 8:9 (4:4, 4:4, 0:1)

Бірнеше сағаттан кейін өткен басқа матчта Қазақстан құрамасы тағы бір бәсекелес – Латвия командасына қарсы тұрды. Қарсылас бұған дейін Ұлыбританияны 24:1 есебімен ойсырата жеңді. Бірінші кезең біздің команданың бір шайба үстемдігімен аяқталды – 6:5. Екінші кезеңде ойын қарсыластың пайдасына шешіліп, латвиялықтар жауапсыз 4 гол салды. Үшінші кезеңде біздің хоккейшілер бірнеше голға есе қайтарды, алайда нәтижесінде қарсылас басым түсті. Кездесудің қорытынды есебі 15:11, турнирдегі екінші жеңіліс.

Латвия – Қазақстан 15:11 (5:6, 4:0, 6:5)

 

Ертең 22 қаңтар күні біздің хоккейшілер бұған дейін Тайпейге, Испания мен Ұлыбританияға қарсы ойындарда үш рет жеңіске жеткен Данияға қарсы ойнайды. Сонымен қатар сол күні сәл кешірек Тайпейге қарсы ойын өтеді.

Фото: Сали Сабиров, Olympic.kz

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ