logo
23 января 2024
ЖОО-2024. Турнирдің соңғы күніндегі екі жеңіс

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары 3х3 хоккей турнирінің біліктілік кезеңінің қорытынды күнінде Қазақстан құрамасы екі матч өткізді.

Бірінші ойында біздің хоккейшілер Испания командасымен кездесіп, бірінші кезеңде минималды үстемдікпен алға шықты, екінші кезеңнің соңында 7 шайбамен алда келе жатты, ал үшінші кезеңде қарсыласты ойсырата жеңіп, есепті 14:4 етті.

Испания – Қазақстан – 4:14 (1:2, 1:7, 2:5)

Іріктеу кезеңінің келесі қорытынды ойынында қарсылас Ұлыбритания командасы болды. Онда біздің юниорлар алдымен 6:1 есебімен алға шықты, кейін екінші кезеңде қарсыласқа 7 шайба салуға мүмкіндік беріп, көп ұзатпай есе қайтарды. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасының ойыншылары үстемдікті нығайтып, матчты 22:13 есебімен аяқтады.

Қазақстан – Ұлыбритания – 22:13 (6:1, 7:7, 9:5)

Осылайша, біліктіліктің қорытындысы бойынша 12 ұпай жинаған біздің жасөспірімдер жартылай финалға шықты және күні ертең Латвия командасымен ойнайды.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ