logo
30 мая 2024
Юниор жігіттер Венгрияда, юниор қыздар Латвияда, қыздар құрамасы Ұлыбританияда. Әлем чемпионаты өтетін орындар белгілі болды

Халықаралық хоккей федерациясының Прагада өткен конгресінде төменгі дивизиондағы 2025 жылғы әлем чемпионаттары өтетін орындар белгілі болды.

Осылайша, бірінші дивизионның А тобына оралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгрияның Секешфехервар қаласында өнер көрсетеді. Турнир 20 және 26 сәуір аралығында өтеді. Жасөспірімдер хоккейінің элитасына шығу үшін біздің хоккейшілер Украина, Австрия, Венгрия, Дания және Словения командаларымен тартысады. Бірінші орын алған бір ғана құрама топ-дивизионға шығады.

Бірінші дивизионның В тобына көтерілген Қазақстан қыздар құрамасы Ұлыбританияның шотландиялық Дамфрисінде ойнайды. Біздің қыздардың қарсыластары – Корея, Латвия, Венгрия, Ұлыбритания және Словения командалары. Алдағы турнир кестесі кейінірек белгілі болады. Еске сала кетейік, ІІА дивизиондағы өткен әлем чемпионатында біздің қыздар құрамасы бес кездесудің бесеуінде де жеңіп, бірінші орынды иеленді.

Қазақстанның юниор қыздар құрамасы (U-18) тағы да екінші дивизионның А тобында ойнайды. Турнир Латвия астанасы – Ригада 2025 жылғы 13 және 19 қаңтар аралығында өтеді. Жоғарырақ дивизионға шығу үшін қыздар Қытайлық Тайпей, Ұлыбритания, Нидерланд, Латвия және Жаңа Зеландия өкілдерімен тартысады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ