logo
9 ноября 2022
Жасөспірімдер құрамасы Минскідегі турнир алдында жаттығу өткізді

Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы 8 қараша күні «Барыс Аренада» жиналып, Минскіге ұшар алдындағы қорытынды жаттығуды өткізді. Бірге жаттығу мүмкіндігі ұшуға бір-ақ күн қалғанда туды, себебі негізгі құрам ойыншыларының көпшілігі Қазақстан Жастар лигасы матчтарына қатысып жүрді, «Барыс» ЖХК 6 және 7 қарашада екі кездесу өткізді. Мұнан басқа, хоккейшілердің кейбірі Pro Ligasy-ның өткен матчында жиын күні – 8 қарашада «Номадқа» қарсы «Снежные Барсы» құрамында ойнады.

Жасөспірімдер Минскіге 9 қараша жетіп, 10-ы күні «Спорт клуб президентінің кубогі» турнирінің алғашқы матчын Беларусь жасөспірімдер құрамасына қарсы ойнайды. Командамыздың барлық матчтарын тікелей эфирде Insport телеарнасы көрсетеді.

Өткен жаттығудың фоторепортажын сілтеме бойынша қараңыздар.

ФОТО: Михаил Трушков

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ