logo
12 апреля 2024
Жасөспірімдер құрамасы «Снежные барсы» командасымен жолдастық матчтар өткізді
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы 11 және 12 сәуірде «Снежные барсы» командасымен екі жолдастық кездесу өткізді. Бірінші күні 18 жасқа дейінгі ұлттық құраманың ойыншылары, екінші күні олардың үлкен қарсыластары жеңіске жетті. Екі ойынның қорытындысы бойынша 17 сәуірде Финляндияға аттанып, әлемдік біріншілікке дайындықты жалғастыратын кеңейтілген құрам анықталады. 26 сәуірде құрама топ-дивизиондағы әлем чемпионатының алғашқы матчын Швейцарияға қарсы өткізеді. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ