logo
15 апреля 2025
Жасөспірімдер құрамасы Венгриямен бақылау матчында жеңіске жетті

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгриядағы алғашқы жолдастық матчты әлем чемпионатының иелеріне қарсы өткізді. Біздің хоккейшілер бірінші кезеңде есеп ашты, Александр Симахин гол салды, оның ізінше Леонид Шәкенов үстемдікті еселеді. Ойынның екінші кезеңі 1:4 есебімен аяқталды, Қазақстан құрамасынан Аристарх Киреев пен Бексұлтан Мақыш шайба салды. Үшінші кезеңде Әлішер Сәркенов пен Святослав Евплов тағы екі гол салды. 6:1 – жеңіс!

Венгрия - Қазақстан 1:6  (0:2, 1:2, 0:2)
0:1 - 02:13 - Симахин (Умеренков) 
0:2 - 09:51 - Шәкенов (Умеренков) 
0:3 - 21:16 - Киреев
1:3 - 23:16 - Ердоси 
1:4 - 27:36 - Макыш (Шакенов) 
1:5 - 40:54 - Сәркенов (Нуржанов)
1:6 - 49:49 - Евплов (Глухих)
Қақпашылар: Верес-Фукску - Алпысбаев (Ряшин, 29:59-60:00)

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ