logo
31 октября 2022
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскідегі турнирге қатысады
Белоруссияда 10 және 12 қараша аралығында «Спорттық клуб Президентінің кубогі» халықаралық турнирі өтеді. Матчтар Минскідегі «Чижовка-Аренада» өткізіледі. Турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы, сондай-ақ Беларусь U18, Ресей U16 және Ресей қыздар құрамасы өнер көрсетеді. Біріншілік екі ұпайлық жүйе бойынша бір айналымнан өтеді.
Жасөспірімдер құрамасы Астанада 8 қарашада жиналып, 9 қарашада Минскіге аттанады. Бас бапкер Сергей Старыгин турнирден не күтетінімен бөлісті: «Жоғары деңгейдегі жақсы турнир. Өткен жылы біз алғаш рет қатыстық, Ресей, Беларусь құрамаларына, сондай-ақ Беларусь клубтарының құрамаларына қарсы ойнады. Салмақты қарсыластар, оның үстіне, турнирдің өзі Минскіде халықаралық деңгейде өтті. Алдағы ойындар жігіттер үшін жақсы мектеп, жасөспірімдер құрамасына сынақ болмақ. Биыл Ресей қыздар құрамасына қарсы ойнаймыз. Кез келген тәжірибе – шыңдалуға мүмкіндік. Егер оған қатысуға мүмкіндік болса, оны әрдайым пайдалану қажет. Әлем чемпионаты бойынша қарсыластар ұдайы өзара матчтар өткізіп тұрады, ал бізде ондай мүмкіндіктер жоқ. Қазір осы турнирде біз құрамаға үміткерлерді қарай аламыз», - деді Сергей Старыгин.

Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:
2022 жылдың 10 қарашасы, 21:00 - Беларусь U18 – Қазақстан U18
2022 жылдың 11 қарашасы, 16:00 - Ресей U16 – Қазақстан U18
2022 жылдың 12 қарашасы, 13:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыздар
*Астана уақыты көрсетілген

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ