logo
8 апреля 2023
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ алдында Франция және Жапониямен ойнайды

Бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты алдындағы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дайындық жоспары белгілі болды. Әлемдік біріншілік 23-29 сәуір аралығында Францияның Анжесінде өтеді, онда біздің жігіттер элиталық дивизионға жолдама алу үшін тартысқа түседі. 10 сәуірде Сергей Старыгин бастаған Қазақстан құрамасы Астанада жиналып, жиынның бірінші кезеңі өтеді. 16 сәуірде команда Францияға аттанып, онда дивизион бойынша болашақ қарсыластары Жапония мен Франциямен екі жолдастық кездесу өткізеді. Әлем чемпионатының алғашқы матчын біздің жасөспірімдер Венгрия командасына қарсы өткізеді. Назарларыңызға матч кестесін ұсынамыз:

23.04, 23:30 – Венгрия – Қазақстан

24.04, 20:00 – Қазақстан – Япония

26.04, 16:30 – Қазақстан – Дания

27.04, 16:30 – Қазақстан - Украина

29.04, 23:30 – Франция – Қазақстан

*Астана уақыты көрсетілген

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ