logo
1 апреля 2022
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы «Снежные Барсы» командасымен екінші жолдастық матч өткізді

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы «Снежные Барсы» командасына қарсы екінші бақылау матчын өткізді. Бұл жолы жасөспірімдер белсендірек ойнап, есепті бірінші кезеңде-ақ ашты, шайбаны Никита Ситников салды. Үшінші кезеңде құрама 2:0 есебімен алға кетті, екінші гол Илья Шапоровқа тиесілі. Көп ұзамай, «барыстар» Дінмұхамед Сапарбек пен Альтаир Есмурзиев салған шайбалардың арқасында есе қайтарды. Бұл ретте «Снежные Барсы» U-18 командасына соққыны боратты, қарсыластың 24-іне қарсы 43 соққы бағыттады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

Бірінші дивизионның А тобының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 11 сәуірде словакиялық Пьештяни басталады. Элитаға жолдама алу үшін біздің жастар Словакия, Дания, Норвегия, Франция және Жапония командаларымен таласады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ