29 наурыз күні хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 11 және 17 сәуір аралығында словакиялық Пьештяниде өтетін әлем чемпионатына дайындалып бастады. Жиындар аясында Сергей Старыгиннің ойыншылары «Снежные барсы» командасына қарсы екіжақты матч өткізді. Бұл кездесуде жеңіске 2:1 есебімен «барыстар» қол жеткізді. Жеңімпаздар құрамынан Игорь Кисель мен Абай Мангисбаев, ал жасөспірімдерден Артем Авдеенко гол салды.
Ертең 1 сәуір күні командалар арасында екінші бақылау матчы өтеді. 4 сәуір күні жасөспірімдер құрамасы Словакияға аттанып, сонда әлемдік біріншілікке дайындықты жалғастырады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ