Алтыншы сәуірде «Барыс Аренада» ресми түрде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ОЖЖ басталды. Кеңейтілген өтінімге 40-тан астам хоккейші енді. 9 және 10 сәуірде жасөспірімдер «Номадпен» екіжақты матчтар өткізеді де, 12 сәуірде Венгрияға аттанып, онда дайындықты жалғастырады. 15 сәуір күні Венгрияға қарсы жолдастық матч өтеді, ал 17-сі күні Австриямен матч өтеді. 20 сәуір күні венгриялық Секешфехерварда IA дивизиондағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда біздің құрама топ-дивизионға шығу үшін Австрия, Дания, Венгрия, Словения және Украина құрамаларымен тартысады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ