Бірінші дивизионның А тобындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездесті. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер гол салды, алайда қақпашыға кедергі келтірілгеніне байланыс шайба есепке алынбады. Екінші кезеңде Роман Ермак дегенмен артық құраммен есеп ашты. Алайда қарсылас көп ұзамай екі минутта екі шайба, ал үшінші кезеңде тағы екі шайба салды. Матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Артем Авдеенко есеп айырмашылығын азайтты – 2:4. Осылайша, біздің жасөспірімдер әлем чемпионатындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Қазақстан – Франция 2:4 (0:0, 1:2, 1:2)
1:0 – 28:08 – Ермак (Бреус) ГБ
1:1 – 35:12 - Шове (Пернуа) - 35:12
1:2 - 37:15 - Гонсалвес-Нивелье (Раво, Пернуа)
1:3 - 55:27 - Шапуи (Симон)
1:4 - 56:38 - Tавернье (Турнье)
2:4 - 56:57 - Авдеенко (Нұрлан, Оспанов)
Никитин – Келлер
Келесі матчты Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 сәуірде Данияға қарсы өткізеді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ