logo
10 ноября 2022
Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

Спорт клубы президентінің кубогіндегі алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Беларусьпен кездесті. Ойын басында біздің жасөспірімдер есеп бойынша алда болып, артық құраммен екі гол салды. Алдымен Арыстан Амырканов салды, арасын ұзатпай капитан Семен Симонов есепті еселеді. Алайда екінші кезеңде алаң иелері ойынды өз бақылауына алып, есеп теңестірді, ал үшінші кезеңде тағы екі гол салды. Нәтижесінде матч Беларусь құрамасының пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

Матчтың Қазақстан құрамасы құрамындағы үздік ойыншысы голкипер Владимир Истомин болды.

Беларусь – Қазақстан – 4:2 (1:2, 1:0, 2:0)

0:1 – 05:13 - Амырканов (Лукавенко, Надейкин) ГБ

0:2 - 07:13 – Симонов С. (Ситников, Оразов) ГБ

1:2 - 17:47 - Гаврилович (Гайдукевич)

2:2 - 31:29 - Ермоленко (Ходорович)

3:2 - 49:18 - Литвинов (Ходорович)

4:2 - 58:25 - Жилюк (Салыго, Бурак)

Қақпашылар: Лядник – Истомин

Келесі матчты Сергей Старыгиннің ойыншылары күні ертең, 11 қараша күні Ресей құрамасына U16 қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 15:00-де басталады, матчты тікелей эфирде Insport телеарнасы көрсетеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ