logo
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бірінші дивизионның А тобындағы хоккейден жасөпірімдер әлем чемпионатындағы өзінің үшінші матчын Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы өткізді. Бірінші кезең қос команданың да артық құраммен мол мүмкіндіктері болғанына қарамастан, голсыз өтті. Ойынның екінші кезеңінде есепті Даниил Свинтальский ашты, алайда даниялықтар араға екі минут салып, есеп теңестірді. Ақтық ысқырыққа үш секунд қалғанда командамызды Всеволод Логвин алға шығарды. Үшінші кезеңнің басында Артем Авдеенко үстемдікті арттырды, алайда көп ұзамай, қарсылас артық құраммен есеп айырмашылығын азайтты. Кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда даниялықтар қақпашыны алып тастап, кездесудің нүктесін Алдияр Нұрлан қойды. Есеп – 4:2. Бұл – Қазақстанның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Кездесудің үздік ойыншысы – Даниил Свинтальский.

Қазақстан – Дания 4:2 (0:0, 2:1, 2:1)

1:0 – 31:30 - Свинтальский

1:1 – 37:41 - Расмуссен (Стенбакен)

2:1 – 39:57 – Логвин (Ермак)

3:1 – 43:37 – Авдеенко (Бреус)

3:2 – 45:56 – Стенбакен (Педерсен) ГБ

4:2 – 59:59 – Нұрлан ПВ

Никитин – Петерсен

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ