logo
19 апреля 2023
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бақылау матчында ірі жеңіске жетті

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (1А) алдында Қазақстан құрамасы болашақ қарсыласы мен турнир иесі – Франция командасына қарсы матч өткізді. Біздің жасөспірімдер бірінші минуттан-ақ шайбаны өз бақылауында ұстап, қатарынан екі шайба салды. Есепті Давлат Нуркенов ашты, ізінше Егор Левковец үстемдікті еселеді. Екінші кезеңнің басында Никита Ситников тағы бір гол салды, ал араға бес минут салып артық құраммен дубль жасады. Қарсыластың қақпасына бесінші шайбаны Роман Большедворский аттандырды. Үшінші кезеңде Кирилл Канкин гол салды, алайда француздар Владимир Никитиннің қақпасын ойынның аяқталуына 6 минут қалғанда ашты. Көп ұзамай Егор Левковец Қазақстан құрамасының матчтағы жетінші шайбасының авторы атанды, алайда кездесудің соңында алаң иелері есеп алшақтығын тағы бір шайбаға қысқартты – 2:7. Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Франция – Қазақстан – 2:7 - (0:2, 0:3, 2:2)

0:1 – 07:03 – Нуркенов (Большедворский, Ким)

0:2 – 08:24 – Левковец (Лукавенко)

0:3 – 23:07 – Ситников (Мигунов, Канкин)

0:4 – 28:23 – Ситников (Жусупбеков, Симонов) ГБ

0:5 – 31:52 – Большедворский (Русланулы)

0:6 – 52:13 – Канкин (Мигунов, Ситников)

1:7 – 53:51 – Шапуи (Дюфор, Тубанс-Бенье)

0:7 – 58:26 – Левковец (Гросс)

1:7 – 58:47 – Шапуи (Серре, Тубанс-Бенье)

Қақпашылар: Неккар - Никитин

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ