Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1А дивизионындағы әлем чемпионаты басталар алдында өзінің екінші жолдастық матчын өткізді. Бұл жолы турнирдегі болашақ қарсылас – Жапония құрамасымен кездесті. Есепті Франциямен өткен ойындағыдай Давлат Нуркенов ашты, екінші шайбаны Александр Мигунов салды. Ойынның екінші кезеңінде қарсылас бір голдың есесін қайтарып, минималды есеп айырмашылығы үшінші кезеңнің алтыншы минутына дейін сақталды. Ал әрі қарай біздің жігіттер бес минут ішінде қарсыластың қақпасына бес шайба дарытты. Александр Ким, Мағжан Сағадиев, Владимир Корчагин, Арыстан және Амырканов көзге түсті. Кездесудің нүктесін бос қақпаға гол салған Даниал Шақшақбаев қойды.
Бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты 23 сәуір күні Францияның Анже қаласында басталады. Біріншіліктің алғашқы ойынын Сергей Старыгиннің ойыншылары Венгрияға қарсы өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ