logo
10 января 2024
3х3 хоккейден жасөспірімдер арасындағы олимпиада құрамасы жаттығуларға кірісті

2024 жылдың 19 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары өтеді. 3х3 хоккей турниріне біздің хоккей құрамасы қатысады, өтінімге 16 жасқа дейінгі ойыншылар (2008 ж.т.) кіреді. Жасөспірімдер медальдар үшін Польша, Австрия, Тайпей, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбритания командаларымен тартысады. Командалар айналымдық жүйемен ойнайды, біріншіден төртіншіге дейінгі орындарды алғандар плей-оффқа шығып, турнир медальдары үшін таласады. 10 қаңтар күні кеңейтілген құрам Рамазан Қайдаровтың жетекшілігімен «Барыс Аренада» біріншілікке дайындалу үшін жиналды. 15 қаңтарда команда Кореяға аттанып, онда 20-сы күні алғашқы матчты Польшаға қарсы өткізеді.

Назарларыңызға команданың өткен жаттығуынан фоторепортаж ұсынамыз:

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ