logo
Жасөспірім қыздар құрамасы ӘЧ-де 8-орын иеленді
Жасөспірім қыздар әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы 7-орын үшін ойналған матчта Мексикамен кездесті. Алғашқы екі кезең голсыз өтті. Қос командадан да аластатулар көп болды, алайда алғашқы болып қарсыластар гол салды. Үшінші кезеңнің алғашқы минуттарында мексикалық хоккейшілер артық құраммен екі рет шайба салды. Кездесудің 53-минутында Катрин Мескини мен Полина Яковлева ойын соңына дейін үлкен айып алды, алайда мексикалықтар өздері ие болған үстемдікке қарамастан, одан артық гол сала алмады. Қазақстан құрамасынан үздік ойыншы ретінде Алина Животовская атанды.
Мексика - Қазақстан 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)
1:0 - 41:51 - Уилсон (Эрнандез, Хеон) ГБ
2:0 - 44:46 - Уилсон ГБ
Қақпашылар: Де Антунано - Прицкер
Осылайша, қазақстандық жасөспірім қыздар екінші дививзиондағы әлем чемпионатында 8-орын иеленді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ