logo
24 апреля 2026
ЖӘЧ-2026. Буллиттер бойынша жеңіс және турнирдің күміс жүлдесі
IА дивизионындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті. Бұл ойын біздің жасөспірімдер үшін турнирлік жағдайға әсер етпегенімен, қарсылас жеңіске жеткен жағдайда дивизиондағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік алатын еді. Бірінші кезеңде командалар есеп аша алмады. Екінші кезеңде словениялықтар екі шайба соғып, алға шықты. Үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер таразы басын теңестірді. Егор Ким мен Егор Кравченко мергендігімен көзге түсті. Нәтижесінде матч овертаймға ұласты, бірақ онда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттер сериясында қақпашы Рахымбек Рахымжан қарсыластың барлық соққыларына тойтарыс берді, ал Таир Бигариновтың дәл соққысы жеңіс шайбасына айналды – 3:2! Қазақстан U18 – Словения U18 – 3:2 Б (0:0, 0:2, 2:0, 0:0, 1:0) 0:1 – 26:36 – Костомай Валенчак (Рогл) ГБ 0:2 – 31:27 – Ковачевич (Конобель, Буковец) 1:2 – 48:42 – Ким (Ануфриев, Громов) 2:2 – 51:06 – Кравченко (Бигаринов, Евплов) ГБ 3:2 – 65:00 – Бигаринов ПБ Қақпашылар: Рахымжан – Кавчич Осылайша, Максим Худяков шәкірттері әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Ал Швейцария құрамасы Украинаға қарсы алдағы матчтың нәтижесіне қарамастан мерзімінен бұрын чемпион атанып, элиталық дивизионға жолдама алды. Бұл нәтиже өткен жылғы көрсеткіштен де жоғары болды. Былтыр қазақстандық жасөспірімдер қола жүлдеге ие болса, енді келесі жылы элиталық дивизионға шығу үшін тағы да таласады. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ