logo
21 апреля 2026
ЖӘЧ-2026. Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
ІА дивизионындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Украинаға қарсы матчы Қазақстан құрамасы үшін оңай басталған жоқ. Қарсылас бірінші кезеңде екі шайба соқса, екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді. Алайда үшінші кезеңнің ортасына қарай Владислав Ануфриев, Михаил Коленко және Никита Гридасовтың голдарының арқасында есепті теңестірудің сәті түсті. Ойын соңына таман Матвей Решетько жеңіс голын соқса, соңғы секундта Егор Кравченко бос қақпаға шайба салып, нүкте қойды – 5:3! Украина U18 – Қазақстан U18 – 3:5 (2:0, 1:2, 0:3) 1:0 – 17:02 – Ратушняк (Панасенко, Олифирчук) 2:0 – 17:33 – Васяк (Ратушняк, Воротеляк) 3:0 – 24:53 – Панасенко (Воротеляк) 3:1 – 26:23 – Ануфриев (Чукреев) 3:2 – 37:31 – Коленко (Қайыржан, Задорожный) 3:3 – 47:13 – Гридасов (Қайыржан, Серебряков) 3:4 – 56:40 – Решетько (Бигаринов, Кравченко) 3:5 – 59:59 – Кравченко (БҚ) Қақпашылар: Бобров – Мыльников Осылайша, үш матчтан кейін 9 ұпай жинаған Максим Худяковтың шәкірттері турнир кестесінде екінші сатыда келеді. Келесі қарсылас — Швейцарияның еншісінде де дәл осындай ұпай бар. Біздің жасөспірімдер швейцариялықтармен 23 сәуір күні кездеседі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Венгрия мен Польша командаларын жеңген болатын. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ