logo
12 апреля 2025
ЖӘЧ-2025. Жасөспірімдер құрамасының Венгриядағы ОЖЖ екінші кезеңіне қатысатын кеңейтілген құрамы

12 сәуір күні Қазақстан құрамасы Венгрияға жетіп, онда ІА дивизиондағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады. Секешфехерварда жасөспірімдер Австриямен және Венгриямен екі жолдастық матч өткізеді, ал 20 сәуір күні турнирді Данияға қарсы матчпен бастайды. Еске сала кетейік, бір жыл бұрын біздің құрама 11 жыл ішінде алғаш рет жасөспірімдер хоккейінің элитасында өнер көрсетіп, биыл топ-дивизионға шығу үшін тағы да тартысады.

Оқу-жаттығу жиындарының екінші кезеңіне 26 хоккейші аттанады, кеңейтілген өтінімге кіргендер:

Қақпашылар: Танирхан Алпысбаев («Элиталы хоккей академиясы», АҚШ), Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин («Барыс»)

Қорғаушылар: Ильхан Болатов (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Дамир Бритиков («Петров академиясы», Ресей), Раты Дурглишвили, Санжар Ибрагим, Даниил Медведев, Руслан Түсіпбеков («Барыс»), Святослав Евплов («Армия СКА»), Төрехан Сәрсенбай (Оңтүстік Кент мектебі, АҚШ), Арман Толен (Атлант жағалауы академиясы, АҚШ),

Шабуылшылар: Әлихан Бақыт, Таир Бигаринов, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин, Тамерлан Тлеубаев, Леонид Шакенов («Барыс»), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен), Бексұлтан Макыш (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Матвей Умеренков («Сарыарқа»)

Бапкерлер штабы:

Бас бапкер – Сергей Старыгин

Бапкерлер: Алексей Обухов, Максим Худяков

Қақпашылар бапкері – Алексей Кузнецов

ЖДД бойынша бапкер – Андрей Кисель

Әлем чемпионатына қорытынды өтінімге 23 ойыншы – 20 алаң ойыншысы мен үш қақпашы кіреді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ