ЖӘЧ-2025. Австрия құрамасын жеңдік

Австрияға қарсы матчта бапкерлер штабы бір ғана өзгеріс енгізді, қақпаға Тәңірхан Алпысбаевтың орнына Данил Лыткин шықты. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер қатарынан үш шайба салды: матчта Бексұлтан Мақыш есеп ашты, одан кейін Аристарх Киреев пен Руслан Түсіпбеков гол салды. Үшінші кезеңде қарсылас есеп алшақтығын минимумға дейін азайтты, алайда Санжар Ибрагим бос қақпаға шайба дарытып, матчтың нүктесін қойды.
Австрия U18 - Қазақстан U18 2:4 (0:3, 1:0, 1:1)
0:1 - 05:22 - Мақыш (Ибрагим, Сәркенов) ГБ
0:2 - 13:24 - Киреев (Медведев, Евплов)
0:3 - 14:40 - Түсіпбеков (Бақыт, Миндубаев) ГБ
1:3 - 35:53 - Коларик (Оберхаузер, Хутцингер)
2:3 - 49:21 - Оберхаузер (Коларик)
2:5 - 58:53 - Ибрагим ПВ
Қақпашылар: Хайтцман - Лыткин
Жасөспірімдерді алда әлем чемпионатының Украинаға қарсы қорытынды матчы күтіп тұр. Кездесу 26 сәуір күні Астана уақытымен 22:30-да өтеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ